Accessibility links

Әдебиетсүйер қауым Талаптан Ахметжанды ақтық сапарға шығарып салды


Бүгін Қазақстан Жазушылар одағында одақ басқармасы төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш» және Валентин Пикуль атындағы сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Талаптан Ахметжанмен қоштасу рәсімі болды. Ауруханада екі күн ғана науқастанып жатып, 27 маусымда қайтыс болған жазушыны ақтық сапарға шығарып салуға қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері жиналды. Марқұмның денесі Кеңсай зиратына жерленді.

Талаптан Ахметжан 1961 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылында туған. 1979 жылы Өскемен құрылыс-жол институтына оқуға түседі. 1985 жылы оқу орнын бітіріп, құрылыста мастер, облыстық телерадиокомитетте редактор, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, ҚР баспасөз және БАҚ министрлігінде бас маман, «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім редакторы, «Парасат» журналында бас редактордың орынбасары, республикалық «Әдебиет айдыны» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, «Ан Арыс» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған.

Талаптан Ахметжан «Тұма», «Сұлу мен суретші», «О дүниенің қонағы», «Ақиқат жолы», «Мұң» атты кітаптардың, республика театрларында қойылған «Тазша бала», «Қараторғай», «Екі жүрек», «Сұлу мен суретші» қойылымдарының авторы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG