Accessibility links

«Тентек» шахтасындағы апат бойынша қылмыстық іс қозғалды


Шахтинск қаласының прокуратурасы Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на қарасты «Тентек» шахтасындағы үш адамның өмірін қиған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 245 бабының 2 тармағы, яғни «кен қазу кезіндегі адам өліміне әкелген қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы» дерегі бойынша қозғалды.

«Тентек» шахтасының «Конвейерный штрек 193 Д6-Ю» дайындау бөлімінде дүйсенбіге қараған түні кенеттен газ атылған, сол кезде шахтадағы 94 кеншінің төртеуі апатты кеніште қалып қойған. Кеншінің екеуі оқиға орнында жан тапсырған, тағы бір кенші апаттан кейін бес сағаттан соң көз жұмған.

Бұл осы шахтадағы биылдыққа адам шығынына ұшыратқан екінші жағдай.
XS
SM
MD
LG