Accessibility links

ТМД елдерінің ақпарат алмасу ережелері талқылануда


Бүгін Астанада ТМД Ақпараттық кеңесінің кезекті тоғызыншы отырысы өтуде. Онда ТМД аясындағы интеграциялық процестер жайлы ақпарат беру міндеттері мен сарапшылық топтардың отырыстары жайлы ақпарат таратуды жолға қою мәселелері сөз болады.

Отырысқа қатысушылар ТМД-ға қатысушы елдердің бірлескен ақпараттық өнімдерін құру жоспары мен ТМД елдерінің ақпараттық агенттіктері арасында фотоақпаратпен алмасу ережелерін талқылайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG