Accessibility links

Гондурастағы төңкерістен кейін жағдай ушығып кетті


Гондурастың уақытша президенті Роберто Мишелетти билік құлатылған төңкерістен кейін елде екі күндік коменданттық сағат жариялады. Ел астанасы Тегусипальпа қаласындағы президенттік сарайдың жанында атыстар болып, әскерилер биліктен президент Мануэль Сэлайяны кетіріп, елден қуған соң наразылықтар күшейіп кетті.
Төңкерісті Еуропа Одағы, Құрама Штаттар, БҰҰ және Венесуэла президенті Уго Чавес сияқты аймақтағы Гондурастың одақтас елдері айыптап отыр.
Биліктегі төңкеріс президент Мануэль Сэлайяның президенттігін ұзартатын референдум өтер алдында болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG