Accessibility links

Албаниядағы сайлаудан кейін дауыстар саналуда


Албанияда жексенбі күні өткен парламенттік сайлаудан кейін дауыстар есептеліп жатыр. Алдын-ала жүргізілген сауалнамаларға қарағанда, премьер-министр Сали Беришаның Демократиялық партиясы сайлаудағы қарсыласы Еди Раманың Социалистер партиясынан алда келеді.
Бұл 1991 жылы елдегі коммунистік режим құлағаннан бергі жетінші сайлау болып отыр. Осы жолы 140 орындық парламенттік орынға 4 мыңнан аса кандидат түсіп отыр.
Батыс елдері бұл сайлау Албанияның демократиясына әрі бұл елдің Еуропа Одағына қосылу ыңғайлылығы үшін сынақ болады деген.
XS
SM
MD
LG