Accessibility links

Ресей мен Әзірбайжан жаңа газ келісімін жасамақ


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Бакуге сапары кезінде, тараптар Ресей мен Әзірбайжан арасында жаңа газ келісімін жасайды деп күтіліп отыр. Медведевпен бірге Әзірбайжанға Газпром компаниясының басшысы Алексей Миллер бірге барады.
Жаңа газ келісімі 2010 жылдан бастап Ресейдің Әзірбайжанның ең үлкен Шах Деңіз газ кенішінен табиғи газ сатып алу мүмкіндігін қарастырады.
Бақылаушылар бұл келісім Еуропа Одағының бақылауындағы Каспий газын Ресейді айналып өтіп, Еуропаға жеткізетін Набукко газ құбыры жобасына кесірін тигізуі мүмкін дейді.
XS
SM
MD
LG