Accessibility links

Дін басшылары дағдарыс кезіндегі ауызбіршілік мәселесін ортаға салмақ


Ертең Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үшінші съезі басталады. Оған әлемдік үш дін мен дәстүрлі діндердің түрлі ағымдары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

ҚР СІМ ресми өкілі Е.Ашықбаевтың айтуынша, съезге Израиль президенті Шимон Перес, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе, ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Испания СІМ басшысы Мигель Анхель Моратинос, Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Кьелл Бондевик, БҰҰ Өркениеттер альянсы хатшылығының директоры Марк Шойер сынды танымал саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері құрметті қонақ ретінде қатысады.

Ресми өкілдің мәліметінше, съездің алғашқы күнінде «Діни көшбасшылардың толеранттылық, өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген әлемді құрудағы рөлі» деген тақырыпта пленарлық отырыс өтеді. Екінші күні съезд жұмысы «Моральдық және діни құндылықтар, әлемдік этика», «Диалог және ынтымақтастық» пен «Дағдарыс кезіндегі ауызбіршілік» атты үш секция бойынша өткізілмек. Форум соңында үшінші съезге қатысушылардың үндеуі қабылданады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG