Accessibility links

150 жолаушысы бар ұшақ Үнді мұхитына құлады


Йемендік Yemenia Air авиакомпаниясына тиесілі әуе лайнері жарылып, Үнді мұхитына құлаған, — деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Йемен астанасы Санадан Морони қаласына бет алған ұшақ қонуға бір сағат қалғанда жарылған. Құлаған A-310-300 ұшағының бортында 150 адам болған, олардың ішінде тірі қалғандардың бар-жоғы туралы ақпарат жоқ. Жолаушылардың көбі Парижден қайтып келе жатқан Комор аралының тұрғындары екен.

Yemenia авиакомпаниясының 51% -ы Йемен үкіметіне, ал қалған 49% -ы Сауд Арабиясына тиесілі.
XS
SM
MD
LG