Accessibility links

Ақордада екі ел президентінің келіссөздері өтті


Ақордада Израиль президенті Шимон Перес пен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кездесті. Израиль президенті Астанаға 29 маусым күні түнде келген еді. Екі ел жетекшілері түрлі саладағы ынтымақтастық мәселелерін сөз еткен.

ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың бұған дейінгі мәліметінше, Шимон Перестің Қазақстанға мемлекеттік сапары Қорғаныс министрлігінің Израилден сатып алған әскери техникасы жөніндегі дауға байланысты жоспарланған,— деп хабарланған болатын, ал ресми өкілдің соңғы ақпаратында Израиль президентінің Астанада өтетін әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезіне құрметті қонақ ретінде қатысатындығы айтылды.

XS
SM
MD
LG