Accessibility links

Ирақ күштері қалалар мен ауылдарға бақылау орнатуда


Олар 6 жылдан астам уақыттан кейін АҚШ күштерінен елге бақылауды өз қолдарына алуда. Ирақ азаматтары бұл оқиғаны кеше кешкілік тойлауды бастап кетті. Алайда Ирақ полициясы мен жауынгерлері көтерілісші топтардың аталған мерекенің шырқын бұзбауын жіті қадағалауда болды. АҚШ күштері қалалардағы бақылау қызметтерін негізінен тоқтатты. АҚШ әскерін Ирақтан толық шығару 2011 жылдың соңына белгіленуде. АҚШ жауынгерлерінің шағын бөлігі ғана жаттығу өткізу, кеңес беру мақсатында қалалық жерлерде қала тұрмақшы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG