Accessibility links

Йемендік әуе лайнерінде 153 адам болған


Йемендік Yemenia Air әуекомпаниясына тиесілі әуе лайнері жарылып, Үнді мұхитына құлаған, — деп хабарлайды Reuters агенттігі. Йемен астанасы Санадан Морони қаласына бет алған ұшақ қонуға бір сағат қалғанда жарылған. Құлаған A-310 ұшағының бортында 153 адам болған, олардың ішінде тірі қалғандардың бар-жоғы туралы ақпарат жоқ. Жолаушылардың көбі Парижден қайтып келе жатқан Комор аралының тұрғындары екен.
Yemenia әуекомпаниясының 51% -ы Йемен үкіметіне, ал қалған 49% -ы Сауд Арабиясына тиесілі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG