Accessibility links

Үнді мұхитына құлаған ұшақтың тірі жолаушылары туралы түрлі ақпарат тарауда


Би-би-сидің хабарлауынша, Үнді мұхитына құлаған йемендік Yemenia Air авиакомпаниясына тиесілі әуе лайнерінің бір жолаушысы ғана тірі қалған. Құтқарушылар тірі қалған 14 жасар қызды ұшақ бөліктерінің арасында жүзіп жүрген жерінен тауып алған.

Морони қаласында дәрігерлердің тексеруінен өтіп жатқан қыз қатты тоңып қалған және әбден шаршаған, қазір оның денсаулығына ешқандай қауіп жоқтығы анықталды.

Йемендік бір интернет-басылым аталған әуе лайнерінің капитаны да тірі деген ақпаратты хабарлады, бірақ бұл мәлімет әлі расталған жоқ.

Ал Al-Arabiya телеарнасы 14 жасар тағы бір ер баланың тірі қалғанан хабарлайды. Бірақ Комор аралының ресми өкілі құтқарылған жолаушының 14 жастағы қыз екенін айтып отыр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Йемен астанасы Санадан Морони қаласына бет алған ұшақ қонуға бір сағат қалғанда жарылған. Жолаушылардың көбі Парижден қайтып келе жатқан Комор аралының тұрғындары екен.

Yemenia авиакомпаниясының 51% -ы Йемен үкіметіне, ал қалған 49% -ы Сауд Арабиясына тиесілі.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG