Accessibility links

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үшінші съезі ашылды


Бүгін Астанада басталған әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үшінші съезін ҚР президенті Н. Назарбаев сөз сөйлеп ашты.

Съезге құрметті қонақ ретінде Израиль президенті Шимон Перес, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе, ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Испания СІМ басшысы Мигель Анхель Моратинос, Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Кьелл Бондевик, БҰҰ Өркениеттер альянсы хатшылығының директоры Марк Шойер тағы басқа танымал саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері қатысуда.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, съездің бүгінгі күн тәртібінде «Діни көшбасшылардың толеранттылық, өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген әлемді құрудағы рөлі» деген тақырыпта пленарлық отырыс жоспарланған.

Екінші күні съезд жұмысы «Моралдық және діни құндылықтар, әлемдік этика», «Диалог және ынтымақтастық» пен «Дағдарыс кезіндегі ауызбіршілік» атты үш секция бойынша өткізілмек. Форумның қорытындысы бойынша съезге қатысушылардың үндеуі қабылданады.
XS
SM
MD
LG