Accessibility links

Алматыда түркі тілдес елдердің математиктері бас қосуда


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгін Алматыда түркі тілдес елдердің бүкіләлемдік математикалық қоғамының ІІІ конгресі басталды, 600-ге жуық әлем математиктері қатысып жатқан конгрестің негізгі мақсаты — математиканың жетістіктері мен даму болашағын, түркі әлемі ғалымдарының арасында әріптестікті кеңейту және халықаралық байланыстарды нығайту.

Конгреске қатысушы, қазақтың ірі математиктерінің бірі АҚШ-тағы Уейн университетінің профессоры Уәлібай Өмірбаевтың пікірінше, конгрестің қазақ математикасының дамуына қосар үлесі көп.

«Біз бұрын тек Ресеймен ғана араласып келдік. Түркі тілдес елдер математиктерінің бастарының қосылуы математика саласында дүниежүзілік деңгейде қомақты бір күш түркі тілдес математиканың бар екенін көрсететін шара. Біз білмейтін талай түркі тілдес математиктер бар екен. Баяндамаларының тізбесін де қарадық, жақсы материалдар бар. Бұл конференцияның ұйымдастырылуы жастардың математикаға қызығушылығын арттырады деген ойдамын», — деді Уәлібай Өмірбаев.

Конгресс 4 күнге созылады. Түркі әлемі математикалық қоғамының тұңғыш конгресі 1999 жылы Түркияның Элязыг қаласындағы Фират университетінде өткен.
XS
SM
MD
LG