Accessibility links

«Қазатомпром» топ-менеджерлерінің әйелдері күйеулерін әзірге теледидардан ғана көру мүмкіндігіне ие


«Қазатомпром» топ-менеджерлерінің әйелдері кеше кешке теледидардан көрсетілген олардың күйеулері туралы сюжеттегі үйді көздерімен көрмегендіктен, ештеңе айта алмайтындарын айтып, баспасөз мәслихатын өткізді.

Жиында вице-президенттердің әйелдері мен Жәмила Жәкішева және Мұхтар Жәкішевтің күзетшісі болған Талғат Қыстаубаевтың әйелі Сара Сағындықовалар ҰҚК-нің бітпейтін сылтау айтып, ерлерімен әлі күнге кездестірмей отырғандарына шағымданды.

Ал, Сара Сағындықова болса, күйеуімді тым құрығанда теледидардан осылай көрсетіңіздер, амандығына көзім жетсін — деп ҰҚК қызметкерлеріне қайырыла отырып, мүмкін ол көрсететін жағдайда емес шығар деді. Ал, Жәмила Жәкішева болса, бұл ҰҚК -нің қоғамға өз істерінің сүттен ақ, судан таза екендіктерін көрсетуі үшін жасап отырғаны деген пікірде.

Маусым айының 30-ы күні «Хабар», «КТК» және «Қазақстан» телеарналарынан «Қазатомпром» ҰАК-ның вице-президенттері Асқар Қасабеков, Ешмұрат Пирматов, Дмитрий Парфенов, Малхаз Цоцория төртеуінің ҰҚК-нің куәгерлерді ұстайтын арнайы үйінде мемлекет қазынасынан ірі көлемде қаржы ұрлаған деген күдікпен тергеуде жатқан Мұхтар Жәкішевтің ісіне байланысты куәгер ретінде тұрып жатқандары туралы арнайы бейнематериал көрсетілген болатын. Онда олар олар өздерінің жағдайлары жақсы екенін, ешқандай қысым көріп жатпағандықтарын айтты.
XS
SM
MD
LG