Accessibility links

Э. Барак: Израилдің қоныстануын тоқтату туралы айту тым ерте


Израилдің қорғаныс министрі Эхуд Барак АҚШ президенті Барак Обама талап еткендей, Израиль Батыс жағалаудағы қоныстануды тоқтатады деп айту тым ерте деді.

Эхуд Барак бұл туралы Нью-Йоркте АҚШ-тың Таяу шығыс бойынша өкілі Джордж Митчелмен келіссөздерден кейін айтты.

Израилдің үлкен басылымы жексенбі күні жазғандай, қорғаныс министрі Барак қоныстанудағы құрылысты үш айға тоқтатып, бірақ қазіргі құрылыс жұмыстарын жүргізуге мұрсат беруді ұсынуы мүмкін делінген.
XS
SM
MD
LG