Accessibility links

Түркмен президенті Медведевті еліне шақырды


Бүгін Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевті келіссөздерге шақырып отыр.
Бұл газ жанжалы шыққаннан бергі екі жетекшінің алғашқы кездесуі болмақ. Келіссөздердің қашан өтетіні әзірге анық емес.

Ресей түркмен газын сатып алатын ең үлкен ел, сәуір айында газ құбырында жарылыс болғаннан кейін импортын тоқтатып қойған. Газ құбыры жөнделгенімен тараптар газ бағасын сатуға байланысты келісімге келе алмай жүрген.

Хабарларға қарағанда, Бердімұхамедов сондай-ақ Украина президенті Виктор Ющенконы да қыркүйек айында Түркменстанға шақырған.
XS
SM
MD
LG