Accessibility links

Мұхаммед Хайдар Дулати ескерткішінің жобасына байқау жарияланды


Алматы қаласының әкімдігі белгілі ғалым, тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің ескерткішін салу үшін ең үздік жобаға байқау жариялады, — деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі.

Ғұламаның ескерткішін тұрғызу үшін көркемдік және сәулет жағынан ең үздік жобаны іріктеп алуды мақсат тұтқан бұл байқауға қатысу үшін өтініштер 2009 жылдың 7 шілдесі мен 7 тамызы аралығында қабылданады.

Мұхаммед Хайдар Дулати Хұсайынұлы (1499-1551) — әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһан-наме» дастанының ауторы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG