Accessibility links

Барак Обама Мәскеуге барады


АҚШ президенті Барак Обама 6-8 шілде аралығында сапармен Ресейде болады. Мәскеу сапарының күн тәртібінде Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведевтің ресми және бейресми жүздесулері жоспарланған. Стратегиялық шабуыл қарулары жөніндегі уағдаластықты алмастыратын жаңа келісім екеуара әңгіменің негізгі тақырыбы болмақ.

Сапарының екінші күні Ақ үй басшысы РФ премьер-министрі Владимир Путинмен және СССР –дің алғашқы президенті Михаил Горбачевпен кездеседі.

Сондай-ақ АҚШ президенті Мәскеудегі Жоғарғы экономика мектебінде Ресей-Америка қатынастары туралы сөз сөйлеп, ресейлік кәсіпкерлермен де кездесу өткізбек.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG