Accessibility links

Заңсыз тауар тасымалдамақ болған тараздық кәсіпкер қолға түсті


Қырғызстан ІІМ-нің мәліметінше, Қазақстанмен шекаралас аумақта жүргізілген арнайы операция кезінде ірі көлемде заңсыз тауар тасымалдамақ болған Қазақстанға тиесілі екі ЗИЛ көлігі ұсталған.

Тексеру нәтижесінен мәлім болғандай, Тараз қаласының кәсіпкері көрші мемлекетке рұқсат қағазынсыз алты тоннадан астам қытай еті мен Кореяда шығарылған 29 орам матаны алып бара жатқан. Контарбандалық заттар тәркіленген, жағдай анықталу үстінде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG