Accessibility links

Үлескерлерді алдағаны үшін — 12 жыл түрме


Алматыда «БС-групп» компаниясы үлескерлерінің шағымы бойынша қаралған даулы іс аяқталды. Көпқабатты тұрғын үй кешенін салу үшін150 үлескерден жиналған 10 миллион долларға компания директоры Константин Поминов бизнес орталығын салып, оны кепілдікке қойып, банктен несие алған. Осы дерек бойынша қаржы полициясына шағымданған үлескерлердің талабымен өткен жылы компания директоры тұтқынға алынған.

Енді тұтқындағы Константин Поминовтің мүлкі тәркіленіп, айыпкер12 жылға бас бостандығынан айрылды, ал компанияның екінші құрылтайшысы 11 жыл мерзімді жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. Компанияның қаржылық директоры мен заңгері іске куәгерліккке тартылып, оларға да жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Қазір үлескерлер банкте кепілдікте тұрған бизнес орталықты қайтарып беру үшін үкіметтен көмек сұрауда, оны сатып, ақшасын бөліп алмақшы.
XS
SM
MD
LG