Accessibility links

Транспорт және коммуникация министрлігі «СТ Сервис Астана» ЖШС –ін сотқа берді


Қазақстанның Транспорт және коммуникация министрлігі «СТ Сервис Астана» ЖШС –ін тиісті міндетін орындамағаны және тұрақсыздығы үшін қарыздарын өндірту мен келісімді бұзу жөнінде сотқа берді.

Бұдан бұрын қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай ҚР Транспорт және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Хакімжан Жаңбырбаевтың «СТ Сервис Астана» ЖШС арқылы көліктік бақылау бекеттерін техникалық жарақтандыруға бөлінген 93,6 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген айыппен тұтқынға алынғанын хабарлаған болатын.

Мұрат Жұманбайдың айтуынша, 26 маусым күні қолға түскен Хакімжан Жаңбырбаев 29 маусымда сот санкциясымен тұтқындалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG