Accessibility links

АҚШ әскерилері Хельмандта кең көлемді операциясын бастады


Құрама Штаттардың мыңдаған теңіз жаяу әскері Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хельманд провинциясында талибандарға қарсы кең көлемді операциясын бастады.

Әскерилердің хабарлауынша, талибан жасақтарына соққы қанжар операциясы деп аталып отыр. Оған 4 мыңнан аса АҚШ күштері мен 650 ауғандық әскер тартылды.

Тікұшақтармен басталған операция таңертеңнен бері жүріп жатыр. Бұл АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі Ауғанстандағы АҚШ күштерінің қатарын 21 мыңға толықтыруға берген уәдесінен кейін бұл елге орналасқан теңіз жаяу әскерінің бірінші операциясы болып отыр.

Хельманд провинциясы талибандар бекінген әрі апиын өндірісі үлкен аймақтың бірі.
XS
SM
MD
LG