Accessibility links

Франция премьер-министрі Бағдадқа барды


Франция үкіметінің басшысы Франсуа Фийон Ирақ астанасы Бағдадқа барды. Франциялық ресмилер мен кәсіпкерлерді бастап барған премьер-министр Фийон ирақтық әріптесі Нури әл Мәликимен кездеседі.

Одан кейін Ирақ Күрдістаны Сулайманияға барып, президент Жалал Талабанимен кездеспекші. Франция премьер-министрінің Ираққа сапары кезінде бірқатар келісімдер жасалады деп хабарланды.

Ирақ премьер-министрі Нури әл Мәлики Францияға мамырда барған болатын, ақпан айында президент Николя Саркози Ираққа барып қайтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG