Accessibility links

Хатами мен екі кандидат сайлау қорытындысын сынады


Иранның президенттік сайлауында жеңіліске ұшыраған екі кандидат қазіргі президент Махмуд Ахмадинежадтың жеңіске жетуі және оның құратын жаңа үкіметі заңсыз болады деп мәлімдеді.

Бұрынғы премьер-министр Мир Хоссейн Мусави мен реформашыл діндар Мехди Каруби сәрсенбі күні маусымның 12-дегі сайлаудың нәтижесін қабылдамайтындықтары туралы мәлімдемелерін өз вебсайттарына шығарып, сайлау жаппай бұрмалаушылықпен өтті дегенді қайталап отыр.

Сонымен бірге Иранның бұрынғы президенті, реформашыл Мохаммад Хатами дауыс берулерді сынға алды. Хатами билікті жаппай тұтқындаулар жасап, қамауға алынғандарды камераның алдында мойындатып, олардың заңдық құқын бұзып отыр деді.
XS
SM
MD
LG