Accessibility links

Newsweek Ираннан өз тілшісін босатуды сұрады


АҚШ-та орналасқан Newsweek журналы тағы Иран билігінен президенттік сайлаудан кейінгі шерулерде қамауға алынған өздерінің тілшісін босатуды сұрады.

Басылымның мәлімдемесінде канадалық-иран Мазиар Бахари маусымның 21-де Иранда ұсталғаннан бері оған адвокат жіберілмей отырғаны жазылған.

Newsweek журналы иранның мемлекеттік ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасай отырып, онда журналист Бахаридің айтқан “Ирандағы бейберекет жағдайды батыстық ақпарат ұйымдарының ықпалымен көрсету үшін шеруге қатыстым” деген сөзін келтіріп отыр.
Бірақ американдық басылым Бахари шынайы хабар таратып, бейтарап жұмыс жасап келген ардагер журналист деп, ол айтты дегендерді қабылдамай отыр.

Ирандағы президенттік сайлауда Ахмадинежадтың жеңіске жеткеніне наразылық танытқан шерулерде көптеген журналист пен реформашыл саясаткерлер қамауға алынды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG