Accessibility links

«Азат Интернет үшін» қозғалысының полицияға қарсы шағымы сотта қаралды


Шілденің 2-і күні Алматы қаласы Алмалы аудандық № 2 сотында «Азат Интернет үшін» акциясын өткізушілердің қалалық ішкі істер департаментіне қарсы шағымы бойынша соттың кезекті отырысы болып өтті. Бұл іс бойынша сот шешімі шілденің 3-і күні шығарылатындығы хабарланды.

«Азат Интернет үшін» қозғалысының белсенділері биыл 24-і сәуірде Еуразиялық медиафорум өтіп жатқан «Интерконтиненталь» қонақ үйі ғимаратының алдында флешмоб ұйымдастырмақ болған еді. Алайда полиция акция мүшелерін бұл маңға жібермеді.

Соған байланысты белсенді топтың акциясы қаланың Арбатында жоспарланғандығын білген полиция Жанна Байтелова, Жанар Қасымбекова, Әбен Әбдірасылов және Ринат Қыбраевты ұстады. Бірақ қозғалыс мүшелері өздерінің қоғамдық тәртіп бұзбағандықтарын айтып, сотқа шағым түсірді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG