Accessibility links

Қазақстанның Франциядағы елшісі жаңадан тағайындалды


Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Жұмағалиұлы Дәненов Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды президенттің ресми сайты.

Елшілік қызметке ауысуына байланысты Нұрлан Дәненов мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Нұрлан Дәненов 1951 жылы дүниеге келген. 1978 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын, 1989 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген экономист, дипломат. 1993-1994 жылдары ҚР президентінің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеген. 1994 жылы ҚР президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару жоғарғы мектебінің директоры болған. ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы және Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарған.
XS
SM
MD
LG