Accessibility links

Барак Обама: «қырғи-қабақ соғыс ұстанымы» басты мақсат емес


Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің «бір аяғы өткен дәуірде, екінші аяғы қазіргі заманда тұр», ол кей кездерде «істі ескіше жүргізеді», — дейді АҚШ президені Барак Обама.

Ақ үй басшысының В.Путинмен және Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесуіндегі басты мақсаттың бірі — АҚШ-пен арадағы «қырғи-қабақ соғыс ұстанымының жойылғандығын» түсіндіру болып табылады, — деп хабарлайды Associated Press.

Барак Обама Владимир Путиннің Ресейге ықпалы бар деп есептейді, ал Дмитрий Медведевпен «қатынастарының жақсы» екенін, тіпті ядролық арсеналды жеңілдетуге келісу мүмкіндігі барын айтты.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, АҚШ президенті Барак Обама 6-8 шілде аралығында сапармен Мәскеуге барады. Мәскеу сапары барысында Барак Обама Ресей президенті Дмитрий Медведевпен, РФ премьер-министрі Владимир Путинмен және СССР-дің алғашқы әрі соңғы президенті Михаил Горбачевпен кездеседі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG