Accessibility links

Қытай табиғи апаттардың алдын алу үшін синоптиктер даярлауды жоспарлауда


Қытайдың орталығындағы Хубэй провинциясында болған көшкін мен су тасқынының салдарынан 4 мыңға жуық үй құлап қалған. Күтпеген нөсердің соңы су тасқынына ұласып, соның кесірінен алты адам қаза болып, бір адам жоғалып кеткен.

Қытайда аптаның басында басталған нөсер осы уақытқа дейін 95 адамды құрбан еткен, 21 адам жоғалып кеткен. Алдын ала жасалған мәліметтер бойынша, экономикалық шығын 1,5 миллиард долларды құрайды, сондай-ақ нөсер 120 шақырым суландыру каналына зақым келтіріп, 800 бөгет пен 500 көлік жолын шайып кеткен.

«Мемлекет жыл сайын метеорологиялық зерттеулерге 4 миллиард юан (588 миллион доллар шамасында) жұмсайды, мәселе ақшада емес, кәсіби мамандардың жоқтығында», — дейді ҚХР метеобасқару басшысының орынбасары Сюй Сяофэн.

Жыл сайын орасан шығын келтіріп жататын табиғи апаттар мәселесін шешу жолында Қытай үкіметі таяудағы үш жылда миллион синоптик даярлап шығаруды жоспарлауда.
XS
SM
MD
LG