Accessibility links

Мемлекет басшысы локомотив зауытын ашып болысымен, телекөпірге қатыспақ


ҚР мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада локомотив құрастыратын зауыттың ашылу салтанаты болды.

«Бұл зауыттың капсуласын мен 2007 жылдың 3 шілдесінде салғам. Міне осындай қысқа мерзімде 45 мың шаршы метрлік ғимарат тұрғызылды. Біз енді әлемдегі маңдай алды General Electric компаниясымен бірлесіп, тепловоздар шығара бастаймыз», — деді Н. Назарбаев.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, бұл зауыттан жылына 150 тепловоз жасап шығарылады.

Зауыттың ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін президенттің қатысуымен «Жаңа индустриализация — жаңа мүмкіндіктер» атты жалпыұлттық телекөпір болады. Оған Алматы қаласы мен ел аймақтары кезекпен тікелей эфирде қосылып отырады.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG