Accessibility links

Ауғанстанда үш шетелдік әскер қаза тапты


Ауғанстанда британ армиясының сарбазы мен аға офицері мерт болды. Сонымен қатар содырлар қолына түскен бір американ әскері де сәрсенбі күні өлтірілді.

Британия қорғаныс министрлігі подполковник Руперт Торнелоу мен тағы бір сарбаз көліктері Хельманд провинциясында жол бойына қойылған бомбаға түсіп қаза тапты деп хабарлады.

АҚШ-тың жаяу теңіз әскері өздерінің Ауғанстанның оңтүстігіндегі операциялары барысында бір әскері мерт болғанын айтып отыр.
Бейсенбі күні 4 мыңдай американ күштері ауғандық әскерлерге қосылып, талибандарға қарсы әуеден соққысын бастаған болатын.
XS
SM
MD
LG