Accessibility links

Лукашенко Беларусь Батысты қайталамайды деді


Беларусь президенті Александр Лукашенко өз елінің Батыстың саяси жүйесін қайталайтын жоспары жоқ екенін айтты. Ол бұл мәлімдемесін бейсенбі күні Беларустің Екінші дүниежүзілік соғыстағы фашистік күштерден азат болған 65 жылдығын және тәуелсіздік күнін атап өту кезінде айтып өтті.

Лукашенко елдер үшін қай елдің парламенті жақсырақ немесе адам құқықтары мен демократиясының деңгейі қалай дегеннен гөрі ғаламдық дағдарыс, терроризм, есірткі мен адам саудасы сияқты проблемаларды шешу көбірек тиімді болар еді деді.

Лукашенко билігі сондай-ақ Еуропа одағымен қатар дәстүрлі одақтасы Ресеймен ынтымақтаса бергісі келетінін білдірді.
Соңғы кезде Минскі мен Мәскеу арасындағы байланыстар шиеленісіп, Беларусь Еуропа одағына қарай бет бұра бастаған.
XS
SM
MD
LG