Accessibility links

ЕҚЫҰ Совет пен фашистерді теңестіретін қарарды қабылдады


Бүгін ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы Екінші Дүниежүзілік соғысты бастауда германия фашистері мен Совет одағын тең көрсететін қарарды қабылдады.

Ассошейтед пресс ақпарат агентігінің хабарына қарағанда, бұл қарар тамыздың 23-ін фашизм және сталинизмнің құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтуге шақырады.

1939 жылдың 23-ші тамызында тоталитарлық екі ел Шығыс Еуропаны өзара бөлісу жөніндегі пактіге қол қойған.
ЕҚЫҰ-ның бұл қарары Ресейдің сындарына қарамастан, қабылданып отыр. Мәскеу Батыс елдерін тарихты бұрмалап, фашистерді жеңудегі Советтің құрбандарын дұрыс бағаламай отыр деп айыптаған.
XS
SM
MD
LG