Accessibility links

Иран полициясы Недаға көмектескен дәрігерді тергеуде


Иран полициясының хабарлауынша, Теһрандағы шеру кезінде өлтірілген ирандық келіншекке көмектескен дәрігер тергеуге алынды. Полиция басшысы дәрігерді Иранның ақпараттық барлау министрлігі мен халықаралық Интерпол агенттігі тергеп жатыр деді.
Бірақ Интерпол бұл іс туралы өздерінің білмейтіндіктерін айтты.

Фарда радиосына берген сұхбатында полиция басшысы Исмаил Ахмади Могаддам Неданың атылуы Иранның беделіне нұқсан келтіру үшін алдын-ала ұйымдастырылған сценарий деп, оның өліміне Басиж күштерінің қатысы бар екенін жоққа шығарды.

Неда Ага-Солтан маусымның 20-ы күні сайлау қортындысына наразы президенттік кандидат Мир Хоссейн Мусавиді қолдаушы шерушілер мен полиция арасында болған қақтығыста қаза тапқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG