Accessibility links

ЕО ирандық елшілерді жинап наразылық танытпақшы


Бүгін Еуропа Одағы өзіне мүше 27 елдегі ирандық елшілерді жинап, Теһрандағы Британия елшілігі қызметкерлерінің қамалуына бірігіп наразылық танытуға келісті.

Швеция сыртқы істер министрі Карл Билт таратқан мәлімдемеде, Британия Еуропа Одағының Теһраннан барлық елшілерін қайтарып алуды ұсынды, бірақ ЕуроОдақ бұл жағдайда қысымды ақырындап жасауға келісті делінген.

Мұндай шешім Иранның Сақшылар кеңесінің басшысы Теһрандағы сайлаудан кейінгі шерулерде рөл атқарды делінген Британ елшілігінің қызметкерлері сотқа тартылады деген соң жасалып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG