Accessibility links

Байден ирақтықтарды саяси бітімге келуге шақырды


Құрама Штаттардың вице-президенті Джо Байден Бағдадқа сапарында Ирақ жетекшілерін ішінара фракциялар арасындағы ұлттық ымыраға келу үшін көп нәрсе жасау керектігін ескертті.

Ирақ премьер-министрі Нури әл-Мликимен бірге өткізген баспасөз маслихатында Джо Байден Құрама Штаттар ирақтықтардың саяси қайшылықтарын реттеу жұмысына қолдау танытуға дайын деді.

Байден бейбітшілік пен тұрақтылыққа жетуде Ирақтың алдында әлі де қиын жол тұр деп айтты.

Шииттер жетекшісі Моқтада әл-Садрдың қолдаушылары жұма күні Байденнің сапарына наразылық танытып, Америкаға қарсы ұрандар айтып, көшеге шықты.
XS
SM
MD
LG