Accessibility links

Мьянма БҰҰ басшысына Су Чжимен кездесуге рұхсат бермеді


Мьянманың әскери үкіметінің басшысы БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның қамаудағы оппозиция жетекшісі Аун Сан Су Чжимен кездесуіне рұхсат беруден бас тартты.

Пан Ги Мун өзінің Мьянма билігінің жетекшісі Тан Швемен екінші мәрте кездесуі барасында, оның бұл шешімінен қатты көңілі қалғанын айтты.

БҰҰ-ның Бас хатшысы екі күндік сапармен Мьянмаға барып, биліктен саяси тұтқындарды босатуды сұрамақ болған. Бірақ әскери жетекшілік Су Чжидің сотына байланысты және оның бұл сот ісіне ешкімнің араласқанын қаламайтынын айтып, Пан Ги Мунның өтінішін қабылдамаған.

Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Су Чжи үй қамақ тәртібін бұзды деген айыппен қамауға алынып, халықаралық бақылаушылар оны босатуды талап етіп келеді.
XS
SM
MD
LG