Accessibility links

Ашхабадты халықаралық танымал ететін монумент салынады


Түркмен ресмилерінің айтуынша, Ашхабад халықаралық деңгейде қаланың символы ретінде танымал қылатын монумент салғысы келеді.

Қаланың бас архитекторы Байрам Шамурадов бүгін AFP ақпарат агенттігіне берген сұхбатында, Париждегі “Ейффел мұнарасы”, Нью-Йорктегі “Азаттық статуясы” сияқты Ашхабадты әлемге танытатын монумент салуға байқау жарияланып қойды деген. Оның айтуынша, ол ескерткіш қаланың дәл ортасына салынатын болады.

Түркменстан соңғы айларда Ашхабадттың мәртебесін арттыруға арналған жобаларды бастап отыр. Оның ішінде жас жұбайларға арналған “Бақыт сарайы”, жазғы және қысқа спорттық ойындар үшін “Олимпиада ауылы” деген құрылыс жобалары бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG