Accessibility links

Обама ресейлік тәуелсіз басылымға сұхбат берді


АҚШ президенті Барак Обама дүйсенбі күні Мәскеуде Ресей президенті Дмитрий Медведевпен болатын саммиті қарсаңында, ресейлік оппозиция басылымдарына сұхбат берді.

Дүйсенбіде жарық көретін “Новая газета”-ға берген сұхбатында Обама Ресей президенті Медведевтің құқықтық норманы жақсарту, сот жүйесін тазалау, елде еркін қоғам қалыптастыру жөніндегі қоғамдық мәлімдемелерін өзінің қолдайтынын білдірді.

Рейтерс агенттігінің жазуынша, Обама Құрама Штаттар Ресеймен жақын байланыс құру үшін адам құқықтары жөніндегі саясатын жұмсартпайды деп айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG