Accessibility links

Үрімжі қаласында 140 кісі қаза тапты


Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жексенбі күні болған бейберекеттің салдарынан, соңғы мәлімет бойынша, кем дегенде 140 адам мерт болып, 800-ден аса кісі зардап шекті. Ресми «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, құрбандардың саны арта түсуі мүмкін. Бастапқыда 4 адамның құрбан болғаны хабарланған болатын. Бейберекет осы ауданның әкімшілік орталығы – Үрімжі қаласында болды. Хабарға қарағанда, наразылық шеруіне шыққан этникалық ұйғырлар көшеден өткендерді таяқтап, автокөліктерді өртеген, баррикадалар тұрғызған көрінеді.

Қытай үкіметінің мәлімдеуінше, жаппай тәртіпсіздікке ұйғырлардың ислам экстремистері түрткі болды. Жергілікті тұрғындар қалаға төтенше жағдай орнатылғанын, биліктің күштеп тәртіп орнатқанын айтады.

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы ахуал көптен бері ушығып келді. Таяуда ғана АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің есебінде осы ауданда Қытай билігінің жергілікті ұйғырлардың құқын жаппай аяққа таптап келгені көрсетілді.
XS
SM
MD
LG