Accessibility links

Ресей мен АҚШ ядролық оқтұмсықтарын қысқартады


Ресей мен АҚШ стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы жаңа келісімнің мәтіні бойынша уәжге келді. Бұл құжатты екі ел президенттері Мәскеудегі саммит барысында талқылайды.

Ресей мен АҚШ-тың дипломатиялық ақпарат көздерінен хабарланғандай, жаңа келісімнің мәтіні бойынша тараптар жексенбі күні қас қарайғанда ғана уәжге келе алды. Ядролық қаруды алып ұшатын стратегиялық зымырандарды қаншалықты қысқарту мәселесі әсіресе қызу пікірталас туғызған көрінеді.

Ал ядролық оқтұмсықтарды Ресей де, АҚШ та 1700-ге дейін азайтуға әзір. Оған қоса жаңа келісімге қол қоюды Кремль Американың зымырандық соққыдан қорғану жүйесінің элементтерін Еуропаға орналастыру жоспарымен байланыстырмақ болыпты. Ал Ақ үй бұл екі мәселенің өзара қатысы жоқ деп есептейді.

Стратегиялық шабуыл қарулары бойынша бұрынғы келісім биыл 5 желтоқсанда күшін жояды.
XS
SM
MD
LG