Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер 3 британ жауынгерін өлтірді


Ауғанстан полициясының хабарлауынша, жанпидашыл террорист Оңтүстік Ауғанстандағы НАТО күштері базасының алдында бомба орнатылған автокөлігін жарып, одан 2 бейбіт азамат мерт болды және тағы кем дегенде 8 кісі жараланды.

Бұл шабуыл дүйсенбі күні таңертең Кандагар әуе жайының сыртында орналасқан соғыс базасының қақпасы алдында болды. Осы күні АҚШ-тың мыңдаған әскери теңізшісі көрші Гильменд облысында тәліптерге қарсы ірі соғыс қимылын жүргізу үстінде.

Өткен демалыс күндері тәліптер осы облыста 3 британ жауынгерін оққа ұшырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG