Accessibility links

Иранда 9 ағылшын қызметкерінің 8-і қамаудан босатылды


Иранда Англияның Теһрандағы елшілігінің маусым айында тұтқындалған 9 қызметкерінің сегізіншісі босатылды. Ол туралы дүйсенбі күні Англияның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Елшілік қызметкерлері Иранда 12 маусымда болып өткен президент сайлауынан кейін халықты наразылық шеруіне шығуға үгіттеді деген күдікпен тұтқындалған болатын. 9 қызметкердің жетеуі бұрын еркіндікке жіберілген болатын. Елшіліктің жетекші сарапшысы, Иран азаматы – қамауда қалды. Оның адвокаттарының айтуынша, Иран үкіметі оны сотқа бермекші көрінеді. Англияның сыртқы істер министрлігі оны босату алып үшін келіссөздің жалғаса беретінін мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG