Accessibility links

Ресей мен АҚШ президенттері келіссөзге кірісті


Дүйсенбі күні АҚШ президенті США Барак Обама ресми сапармен Мәскеуге келді. Осы күні Обама Ресей президенті Дмитрий Медведевпен келіссөзге отырады. Келіссөз алдындағы сөзінде Медведев жоғарғы деңгейдегі бұл кездесу Ресей-АҚШ қатынасының «ауыр кезеңін» жабады деп үміттенетінін айтты.
Обама қауіпсіздік, экономика, энергетика және қоршаған орта мәселелерінде АҚШ пен Ресейдің ортақ тілге келе алатынын атап көрсетті.
«Америка Құрама Штаттары мен Ресейдің қайшылықтардан гөрі, ортақ мүдделері көбірек. Егер біз алдағы бірнеше күн жақсы еңбектенсек, екі елдің халқына да пайда беретін зор жетістікке жете аламыз», -деп мәлімдеді АҚШ президенті.
Б.Обаманың Мәскеуге келуі қарсаңында ғана стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы жаңа келісімнің мәтіні бойынша Ресей мен АҚШ-тың уәжге келгені хабарланды. Бұл құжатты екі президент Мәскеудегі саммит барысында талқылайды.
XS
SM
MD
LG