Accessibility links

Чешенстан: Ресей күштерінің қолына түскендер хабарсыз жоғалуда


Чешенстандағы адамның құқы бойынша арнаулы өкіл Нурди Нухажиев республика аумағында хабарсыз жоғалғандарды іздестіру проблемасын шешуге көмектесуін өтініп Ресей президентіне хат жолдады.
Дмитрий Медведевке жолдаған хатында чешен омбудсманы осы мәселені шешу үшін мекемеаралық комиссия құруға шақырады. Оның мәліметі бойынша, 1 миллион халқы бар Чешенстанда хабарсыз жоғалғандардың саны шамамен 5 мыңға жетті.
Нухажиевтің хатында айтылғандай, олардың басым көпшілігі Ресейдің федералдық құрылымдарының тұтқынына түскеннен кейін хабарсыз кеткен.
XS
SM
MD
LG