Accessibility links

Ресей мен АҚШ ядролық қаруларын күрт қысқартады


Ақ үйдің хабарлауынша, Ресей мен АҚШ президенттері Дмитрий Медведев пен Барак Обама бүгін стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту туралы жаңа келісімге келуді міндеттейтін декларацияға қол қойды.
Хабарға қарағанда, Ресей мен АҚШ жаңа келісім күшіне енгеннен кейінгі 7 жылдың ішінде ядролық оқтұмсықтарды 1500-1675-ке дейін, оқтұмсықтарды алып ұшатын құралдарды 500-1100-ге дейін қысқартуға келісті.
Сонымен қатар Кремль АҚШ әскері мен қару-жарағын Ауғанстанға тасымалдау үшін Ресейдің әуе кеңістігінен пайдалануға келісімін берді.
XS
SM
MD
LG