Accessibility links

Салық комитеті бизнестегі әрекетсіз субъектілерді тазартуда


Қаржы министрлігінің салық комитеті шағын және орта бизнестегі әрекетсіз субъектілерден арылуда. Қазір барлық аймақтардағы салық департаменттері мемлекеттің мәліметтер базасын «өлі жандардан» тазартуда, — деп хабарлайды «Время» газеті.

Алматыда 46635 бизнес субъектісі ықтиярсыз жабылған, оның ішінде 7354-і жеке кәсіпкер, 39281 заңды тұлға бар.

«Бұл шара соңғы бес жылда салық комитетіне есеп бермеген мекемелерге қолданылуда. Олардың арасында «із-түзсіз» жоғалып кеткендер де бар, кейбір компаниялардың құрылтайшысын, не директорын, тым болмаса бухгалтерін таба алмаймыз», — деді Алматы салық департаментінің салықты тіркеу бөлімінің бастығы Ғайша Рахымжанова.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG