Accessibility links

Ілияс Омаров: Қытайдағы қақтығыста қазақстандықтар құрбан болған жоқ


Қытайдың батысындағы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық республикасында орын алған қақтығыстан құрбан болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ, — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров.

Оның айтуынша, Қытайдағы Қазақстан азаматтарының дені студенттер, олардың көбі қазір демалыста, ал келісім –шартпен жұмыс істейтіндер қаза болғандардың арасында жоқ.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық республикасының орталығы Үрімшіде жексенбі күні болған қақтығыстарда кемінде 140 адам қаза тауып, 816 адам жарақат алған.

Синхуа агенттігі тәртіпсіздіктің орын алуына ұйғырлардың шеттегі басшысы Рәбия Қадыр жетекшілік ететін «Дүниежүзілік ұйғыр конгресінің» интернет және басқа да ақпараттық көздер арқылы «Батыл болу керек», «Қақтығыс ұйымдастыру қажет» деп сөйлеген сөзі себеп болды деп отыр.

Полиция қақтығысқа қатысты деген жүздеген адамды тұтқынға алған, оның ішінде оннан аса белді ұйымдастырушылар бар.
XS
SM
MD
LG