Accessibility links

Мәскеу «Ырысты» вагон жөндеу зауытының жұмысшыларына қолдау білдірмек


Бүгін Мәскеудегі А. С. Грибоедов ескеткішінің алдында «Ырысты» электрлік вагон жөндеу зауытының ереуілге шыққан жұмысшыларын қолдау мақсатында пикет өткізілмек.

30 маусым күні аталған зауыттың 2000-нан астам жұмысшысы бір аптаға жұмыстарын тоқтататындарын мәлімдеп, зауыттың ішінде ереуіл өткізгенін хабарлағанбыз. Жұмысшылардың негізгі талаптары зауыттың мемлекет меншігіне өтуі болып отыр.

Ал одан бұрын 23 маусым күні олар өздерінің 2-3 айдан бері жалақы ала алмай жүргендерін айтып, наразылық шарасын өткізген еді.

"Зауыттағы жағдай Ресейдегі мыңдаған кәсіпорындарға ұқсас. Біз оларға ынтымақтастық үшін талаптарына қолдау білдіріп, пикетке шығуға шақырамыз", дейді пикетті ұйымдастырушылар. .
XS
SM
MD
LG